Халық таңдайды!
Сүйікті жүз әніңізді өзіңіз таңдайсыз!
«Қазақтың 100 әні» ауқымды тележобасында жүздеген әндер орындалады. Осы уақытқа дейін еліміздің түкпір-түкпірінен халықтың дауыс беруі арқылы жобада орындалатын әндер іріктелініп келді. Халықтың дауыс беруі әлі де жалғасып жатыр.
Әр эпизодқа 11 ән дайындалады. Шырқалған 11 әннің ішінен, жеңімпаздың қалауымен тек бір ғана ән сүйікті әндердің жүздік топтамасына енеді.
Жеңімпаз ретінде студияда жүргізушілер тарапынан қойылған қазақ музыкасы жайындағы сұрақтарға ең көп дұрыс жауап берген көрермен атанады.
Қалған 10 әнге көрермендер дауыс береді.
Халықтың ең көп дауысын жинаған ән, қазақ әндерінің алтын қорына енетін жүздікке кіреді.
Дауыс беру жүйесі
Сүйікті әніңізге дауыс беру үшін оның реттік нөмірін 8030 нөміріне СМС жіберуіңізге болады.
Әр апта сайын дауыс берудің жаңа кезеңі басталады. Яғни, сол кезеңдегі кезекті бағдарламада шырқалған әндерге сол сәттен бастап дауыс беру басталады.
СМС дауыстарды сенбі күні жоба эфирге шыққан сәттен бастап, келесі аптаның сенбі күніне дейін кешкі сағат 24:00 дейін беруге болады. Әр әннің реттік нөмірін «Қазақстан» арнасынан көрсетілетін арнайы бейнематериалдардан немесе жобаның сайтындағы «Эпизодттар» деген бөлімнен көре аласыздар: «Эпизодтар»
Ең үздік жүздікке енетін әндерді іріктеу өз қолыңызда!
Жүлделер
Әр апта сайын өзінің сүйікті әніне дауыс берген ең белсенді телекөрермен арнайы жүлдеге ие болады. Жүлде – плазмалық теледидар.
Ал СМС арқылы дауыс берген белсенді көрермендер өз жүлделерін жоба ұйымдастырушыларынан алып кете алады. Өзімен бірге жеке куәлік пен СТН (РНН) ала келуі тиіс.
Ескерту: жүлдеге ие болған жеңімпаздар жүлде құнының 10 % салық төлеу мекемелеріне төлеуі тиіс.
Анықтама телефондары: 8 (727) 291 82 28






