Жоба туралы

«Қазақтың жүз әні» жобасы – еліміздің ән мұрасын бір жүйеге келтіру мақсатында қолға алынып отырған соңғы онжылдықтағы алғашқы ауқымды талпыныс. Ол бірнеше кезеңнен тұрады.
 
Алғашқы кезеңде қазақстандықтар өздерінің сүйікті әндерін жіберді. Содан кейін, осы әндердің ішінен жиі орындалып жүрген жүздеген композиция іріктеліп алынды. Бұл тізімге әр уақыт кезеңін қамтитын ән үлгілері енеді: Абайдың және басқа да классиктердің халық әндеріне айналып үлгерген шығармаларынан бастап кеңестік кезең мен заманауи шлягерлерге дейін.
 
Міне, осыдан кейін жобаның телевизиялық бөлімі басталады. Бұл кезең бірнеше айға созылады.
 
«Қазақтың жүз әні» жобасы «Қазақстан» Ұлттық арнасынан аптасына бір рет көрсетіліп тұрады. Жобада сұрақ-жауап сайысы да болады. Ол арқылы әндердің шығу тарихы жөнінде мағлұмат алу мүмкіндігі бар. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап берген ең білікті қонақ жобаның жеңімпазы атанады. Сонымен қатар, әр бағдарламадан соң, көрермендердің СМС дауыстары арқылы бес, ең танымал ән анықталады және олар қорытынды жүздікке енеді.

Біздің жобалар

"Қазақстан" ҰТА жобалары

Байланыс мәліметтері

Жоба жайында толық ақпарат алғыңыз келсе

Телефоны: (727) 291-82-28
E-mail: 100an@kaztrk.kz