«Қазақтың 100 әні» теледуманы өз мәресіне жетті

Шілде күні бес айға созылған ауқымды жоба өз мәресіне жетті. «Қазақтың 100 әні» теледуманы әнді, қазақ әнін сүйетін әр қазақтың шаңырағына шаттық сыйлап, көптеген әндерге екінші тыныс тарту етті.  Әрі қарай →

Мәдени мұра – Әр үйге

«Қазақтың жүз әні» телевизиялық жобасы қазақ халқының бай ән мұрасын насихаттауға бағытталған. Бағдарлама барысында халықтың көмегімен ең танымал 100 туынды іріктеліп алынады.
Бұған дейін елімізде аспапты музыканы насихаттау бағытында бірнеше талпыныс жасалған болатын («Қазақтың дәстүрлі мың күйі»). Отандық классиктердің мұрағаттық жазбалары, яғни «Асыл мұра» жобасы қоғам назарына ұсынылған. Бұл бастамалар «Қазақтың жүз әні» шоу-бағдарламасында өз жалғасын табады.  Әрі қарай →

Жоба туралы

«Қазақтың жүз әні» жобасы – еліміздің ән мұрасын бір жүйеге келтіру мақсатында қолға алынып отырған соңғы онжылдықтағы алғашқы ауқымды талпыныс. Ол бірнеше кезеңнен тұрады.
Алғашқы кезеңде қазақстандықтар өздерінің сүйікті әндерін жіберді. Содан кейін, осы әндердің ішінен жиі орындалып жүрген жүздеген композиция іріктеліп алынды. Бұл тізімге әр уақыт кезеңін қамтитын ән үлгілері енеді.  Әрі қарай →

Біздің жобалар

"Қазақстан" ҰТА жобалары

Байланыс мәліметтері

Жоба жайында толық ақпарат алғыңыз келсе

Телефоны: (727) 291-82-28
E-mail: 100an@kaztrk.kz